Bugin

Елімізде су тасқынына байланысты қанша адам қаза тапты?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphoto.com

Ішкі істер министрлігі су тасқынынан қанша адам қайтыс болғанын  мәлімдеді. Бұл туралы Bugin. kz тілшісі хабарлайды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев: 

"Иә, өкінішке қарай мұндай жағдайлар болды, БАҚ-та көп айтылды. Абай облысында екі адам жоғалды, Атырау облысында мәйіттер табылған. Абай облысында іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деді.  

 

Барлық фактілер бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Usbanov арнасында :

“ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы, Құлсары қаласында тасқыннан 4 адамның қаза тапқанын айтқан. Абай облысында да өзен тасып жатқанда хабар-ошарсыз кеткен 4 адамға іздеу жарияланғаны айтылған. Ақтөбеде де қарғын суға батып кетті деген 2 адамның мерт болғаны айтылған. Алайда, жергілікті билік өкілдері "мерт болған 2 баланың ажалына тасқын судың қатысы жоқ" деп түйіндеген”,-деп жазылды.