Bugin

Астанада жылу қашан өшіріледі?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:depositphotos.com

Астана әкімдігі жылу беру маусымының аяқталғанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қолайлы ауа райы жағдайының қалыптасуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада тұрақты, жылы ауа райы орнады. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде бұлтты болып, секундына 3-8 метр шамалы жел соғады. Күндіз 23-25 ​​градус, түнде 5-7 градус жылы.