МӘДЕНИЕТ

"Бейімбет Майлин редактор болған": әйел теңдігін ғасырға жуық насихаттаған журнал

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: журналдың желідегі парақшасынан 

Әйелдердің білім алуы мен құқығының қорғалуы –  ерен еңбектің жемісі. Ол бір күнде қалыптасқан жоқ. Тұрақты және ұзақ уақыт халық арасында түсіндіру жұмысын талап етті. Сол еңбектің арқасында қаншама қыз-келіншектер жетістіктің биігінен көрінді. Қазақ даласында түрлі салалардағы "тұңғыш әйел" мамандар қалыптасты. 1925 жылы 21 сәуірде "Қазақ әйелі" және "Теңдік" газеттері негізінде  "Қазақстан әйелдері" қоғамдық-саяси журналы шыға бастады. Ғасырға жуық тарихы бар журнал туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

-“Қазақстан әйелдері” журналы “Теңдік” газетінің негізінде “Әйел теңдігі” атауымен шыққан. 3000 таралыммен Орынбор қаласынан басылған.

- 1926 жылы газеттің атауы "Әйел теңдігі деген атпен журнал болып шыққан. 1935-194 ылдар аралығында "Сталин жолы" деген атпен жарық көреді. 1950-1954 жылдар аралығында да "Сталин жолы" атауын сақтап қалады. 1955 жылдан бастап "Қазақстан әйелдері" деген атпен жарық көріп келеді.

- 1976 жылы журнал "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды. КСРО кезінде "Құрмет белгісі" ордені ғылыми зерттеудегі, әлеуметтік-мәдени, спорттағы, өндірістегі және басқа қоғамға пайдалы еңбегі үшін берілетін. Бұл орден азаматтарға, кәсіпорындар мен бірлестік, ұйымдарға берілетін.

- Журнал редакциясында Рахым Сүгіров, Сәбит Мұқанов сынды ер адамдар қызмет еткен. 1925 жылы жарияланған үшінші санында Бейімбет Майлин редактор ретінде қол қойған.

- Журналдың әу бастағы миссиясы – әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын насихаттау болды. Басылым – Қазақстан  автономиялы республикасы ОАК-нің 1920 жылы қабылдаған қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тиым салу туралы декретін бұқараға түсіндіруді мақсат етті . Журнал ел арасына ағартушылық бағытта ақпарат берді.

-Журналдың алғашқы редакторы – Сара Есова. Ол – әйел теңдігі үшін күрескен алғашқылардың бірі. Сара – қазақ қыздарынан шыққан алғашқы әйел журналистердің бірі. Алғашқы журналист қана емес, қазақ қыздарының ішіндегі алғашқы редактор. Күйеуі Ораз Исаевпен байланысты “отанын сатқанның әйелі” деп теперіш көреді. Ақталса да, журналистика саласынан шеттеліп, осыдан кейінгі өмірі музеймен байланысты өрбейді.

- Журналдың үшінші редакторы болған әйел  Нағима Арықова – РСФСР  Жоғарғы Соты қазақ бөлімінің төрайымы болған жалғыз қазақ қызы. Ол –"Әйелдер өкілдері не істеуі керек" деген кітапшаның авторы. 

- "Қазақстан әйелдері" журналсының негізгі қамтитын тақырыбы жетістікке жеткен қыз-келіншектердің жолы, ұрпақ тәрбиесі, денсаулық күтімі, жаңа маусымдағы сән, отбасы гармониясы.