Bugin

“Су қойма 169 пайызға толы”: қай өңірге қауіп төніп тұр?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:ТЖМ

Сергеев су қоймасы 169 пайызға толып, су бөгет шыңынан 3 метр 60 см асты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Қазақстан" арнасының телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жағдай әлі де күрделі.

Есіл ауданында су тасқынының екінші толқыны өтіп жатыр. Покровка ауылының гидробекетіндегі су деңгейі 27 см, Новоникольское – 29 см өскен. 

СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев:

"Үйлерді су басудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Бірінші толқынның суы кетіп жатыр, Қазгидромет мамандарының болжамынша екінші толқында бұдан артық су келмейді, яғни бірінші толқындағыдай салдары болмайды. Су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде", - деді