БІЛІМ

"Олимпиада жолдамасын жеңсе де, бара алмаған қазақ": бокстан тұңғыш әлем чемпионы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz/ Ғайнижамал Арыстанбек

Бүгін, 22 сәуір  – қазақ боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Болат Нұретдинұлы Жұмаділовтің туған күні. Былғары қолғап шеберінің қара термен қаланған спорттық мансабы туралы Bugin.kz деректер ұсынады.

- Болат  1973 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жетібай ауылында дүниеге келген. Алғаш 12 жасынан бастап бокспен айналысты. Оны шаршы алаңдағы шырғалаңға  Феликс Цой машықтандырды. 

- Ол қазақ боксшылары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы  атағына АҚШ-тың Хьюстон қаласында қол жеткізді.

- Атланта, Сидней Олимпиадаларының күміс жүлделерін иеленіп, ТМД чемпионы атанған. 

- Орталық Азия ойындарының және 2-ші Шығыс Азия ойындарының чемпионы болды. 

- 1992 жылы Барселона Олимпиадасына жолдама ұтып алса да, әділетсіздіктің кесірінен жолы түспеді. Тәуелсіз Қазақстан құрамасы тек 1996 жылдан бастап Олимпиада ойындарына қатыса алды.

- Бүгінде қолғабын шегеге ілген ардагер спортшы шәкірт тәрбиелеп, бокстың дамуына өз үлесін қосып келеді.