Bugin

Әйел мәйітпен банкке келіп, несие алмақшы болған (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Бразилияда әйел адам қайтыс болған ағасының денесімен банкке келіп, атынан несие алмақ болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Бразилиялық Эрика де Соуса Виейра Нуньестің 68 жастағы Пауло Роберто Брага деген ағасының мәйітін мүгедектер арбасына салып, Рио-де-Жанейродағы банк бөлімшесіне апарған.

Әйел банк қызметкерлерін ағасының тірі екеніне және қажетті құжаттарға қол қоятынына сендірмек болған. Оның айтуынша, ол өзіне 17 мың реал (1 426 543 теңге) көлемінде несие алғысы келген.

Бірақ алаяқтық іс сәтсіз аяқталды. Банк қызметкерлері қарт адамның қозғала алмағанын байқап, жедел жәрдем және полиция шақырған. Дәрігер келіп, ер адамның өлгенін растады.

Полицияның хабарлауынша, Эрика де Соуза Виейра Нуньес мәйітті қорлау арқылы ұрлық жасауға әрекеттенді деп айыпталған.