Bugin

Суға батты деген адам аман табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ТЖМ

Ақмола облысында суға батты деген ер адам аман табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ТЖМ Атбасар ауданында "суға батты" деген ер адам тірідей табылғанын мәлім еткен. 

Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам батып кетті деген күдік болған.

Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ, бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі, аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған, - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.