Bugin

Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқанда Бишімбаев бөгде әйелге хат жазған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz

Бүгінгі сотта Бишімбаевтың телефонын зерттеу жалғасып жатыр. Оның галереясы мен WhatsAPP желісіндегі хаттары оқылып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Судья Құлбаева айыпталушының телефонынан 2023 жылдың 9 қарашасында сағат 19:07–19:36 аралығындағы “Юлия Супер” контактісімен хат алмасуды анықтады.

Бишімбаев бұл жеке хат алмасу екенін ескертті. Ол оны жария етпеуді өтінді. Бірақ процеске қатысушылар уақытында хат алмасу Салтанат Нүкенованың өлімінің болжамды сәтіне байланысты болғанын алға тартты.

Бишімбаев (“Юлия Супермен” диалог): Не істеп жатырсың? Боссың ба?

Юлия: Мен кірпік жасатып жатырмын.  Боспын. Нешеде?,- деп диалог құрған.

Зардап шеккен тараптың өкілдері Бишімбаевтың бұл ханыммен хат алмасуы Салтанаттың неге оянбағанын көріпкелден анықтаумен қатар болғанын байқады.

Бишімбаев “Юлия Супер” оған қандай қызметтер көрсеткенін және оның неліктен “бос болуы” керек екеніне жауап бермеді.

Судья мәселені қараусыз қалдырды.