Bugin

“Балконнан кіріп, пышақтаған”: Ақтөбеде сұмдық жағдай болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Дина Таңсәрі парақшасынан алынды

Ақтөбеде эндокринолог қызды белгісіз ер адам өлтіріп кеткен. Бұл туралы NeMolchi.kz қоғамдық қорының басшысы  Дина Таңсәрі мәлімдеді. 

Ақтөбе облыстық полиция департаменті:

“Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деп хабарлады.

Қыз – эндокринолог. Бұл салада 9 жыл оқыған. Бір жігіт оны соңынан күзетеді. Кеше балконнан қыздың үйіне кіріп, пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, күдікті оның көлігін ұрлап кетіп, жол апатына ұшыраған соң ұсталған.