МӘДЕНИЕТ

Қиындыққа төтеп берген махаббат қойылымы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: auezov-theatre.kz

16 сәуір күні қазақ өнерінің қарашаңырағы - Әуезов театрында “Махаббат пен қасірет” атты қойылымның премьерасы өтті. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.

Махаббат - әлемді өзіне бағындыратын ұлы  сезім. Театр сахнасында талай өнерге арқау болған махаббат тақырыбында кезекті қойылым көрерменге жол тартты. 

Қойылым Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанованың “Қасірет пен тағдыр” романының желісі бойынша жазылған.

Басты кейіпкер, Аяулым-жарқын жүзді, бұлбұл дауысты бойжеткен. Сабағынан бос уақытында кітап оқығанды жаны сүйеді. Кездейсоқ анасының тапсырмасын орындап жүріп, Мэлс есімді азаматпен танысады. Екі жас бір-бірін алғашқы кездесуден-ақ ұнатып қалады.

Мэлс жол апатынан соң темір арбаға таңылған. Аяулыммен танысып, өмірінде жаңа дем пайда болады. Өзін мезі еткен аурумен де күресіп бастайды. Алайда екі жастың лаулаған махаббатына ара-қашықтық  кері әсерін тигізді. Қойылымнан әр көрермен қандай сынақ болса да махаббаттың күшімен кедергіні де еңсеруге болатынына көз жеткізгендей болды. Екі кейіпкердің арасындағы пәк махаббат көрермендердің жүрегіне жетті.  

Осындай ерекше кейіпкерлер "Қасірет пен тағдыр" және "Үзілмеген үміт" атты  екі томдық шағармадан алынған. Сахналық нұсқасын жазушы, драматург Жақсылық Мұратбек қойған. Режиссер Алёна Кабдешоваға да оңай болған жоқ. Екі томдық үлкен тарихи кітапты 1,5 сағаттық қойылымға сыйдыру - үлкен еңбек.

Қойылым авторы:

Осы қойылым арқылы елімізде қанша қиындық болса да, халқымыздың еңсере білгенін айтқым келді. Қандай қасірет болса да, махаббаттың бірге жүретінін көрсеткіміз келді. Әсіресе, жастарға өтімді болғандықтан, махаббат линиясын  алдық. Шынымды айтсам, қойылымның Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық театрында қойылғанына өте қатты қуандым”, - дейді.
 

 

Материал авторы: Айгерім Ерболова