Bugin

Каспийде жоғалған балықшының денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com 

Сәуір айының басында теңізге қайықпен шығып, жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы mangystaumedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дінмұхаммед Пірімжан іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының денесі табылғанын мәлімдеді. 

"20 сәуір күні кешкі сағат 21:00-де Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан жиырма шақырып қашықтықта теңіз жағалауынан 400 метр жерден жоғалған азаматтың бірінің денесі жергілікті балықшылардың көмегімен шамамен 5 метр тереңдіктен теңіз астынан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", -  деді азаматтық қорғау аға лейтенанты  Дінмұхаммед Пірімжан.