Bugin

Тоқаев су тасқыны кезінде дүрбелең тудырған адамдарды қандай жаза күтіп тұрғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны кезінде  жалған ақпарат берген БАҚ өкілдері мен блогерлерді сынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Енді ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданылмақ.

"Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс. Мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады",  - деді Тоқаев ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінде.