Саясат

Сталиннің шөбересі: Сталинді жақтап, табынатындар – есі ауысқан жарымжандар

Сталинның қылмысын ақтау дұрыс емес дейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сталиннің шөбересі өзінің атасына табынатындарды есі ауысқан жарымжандар деп атады. Оның ойынша барлығына да өтірік ақпарат кінәлі.  Сталиннің шөбересі Яков Джугашвили осылайша атасына табынатындарды ұнатпайтынын сездірді. Бұған себепкер болған Левада-центр ұйымы өткізген әлеуметтік зерттеу болатын. Онда 41% Ресей азаматтары Сталинді шексіз құрметтейтінін айтқан. 

"Міне, қараңыз өтірік, жалған ақпарат халықты есі ауысқан жарымжан етті. Олар ұлы мақсаттарға тек қана қылмыс жасау арқылы жетуге болады деп санайды", – деді  Яков Джугашвили.

Оның ойынша адамдар Сталинді даттаудың орнына, оны ақтап әлек. Оған әсер еткен әлеуметтік зерттеудің нәтижесі. Сталиннің шөбересі шындығында бұл зерттеу халық Сталинді жақтайды, құптайды деп көрсету арқылы оның кешірілмес күнәларын ақтап алу үшін жасалған.