Bugin

Танымал рэпер өлім жазасына кесілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com 

Ирандық рэпер Тумадж Салехи 2022 жылдың қазан айында үкіметке наразылық білдіру кезінде ұсталған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2023 жылы ол Иранның жоғарғы сотының шешімімен өлім жазасынан құтылып, алты жыл үш айға бас бостандығынан айырылған.

Бірақ 2024 жылы 24 сәуірде рэпердің адвокаты мәлімдеме жасады. Құқық қорғаушы Амир Раисян ирандық "Sharq" газетіне Исфаханның революциялық сотының бірінші бөлімі жоғарғы соттың шешіміне қарамастан рэперді өлім жазасына кескенін айтты.