Bugin

Әлемнің жетекші университеті қазақ тілін оқытады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:depositphoto.com

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында бірнеше маңызды қадам жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Ол қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:

"А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы "Til Qazyna" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.

Сонымен қатар Нархоз университеті мен Белфасттағы Queen's University арасында филиал ашу туралы келісім жасалды", - деп хабарлады.