Bugin

FlyArystan компаниясының басшысы қызметінен кетеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөз

FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін Оңтүстік Африкаға кететінін мәлімдеді. 

Ол өз міндетін мамырдың соңына дейін атқарады.

"Адрианның компаниядан кету туралы шешімін өкінішпен қабылдадық, бірақ ол отбасына байланысты осындай шешім қабылдағанын түсінеміз. 2020 жылдан бері FlyArystan стартаптан 19 ұшақ паркі бар, кірісі айтарлықтай жоғары, географиялық қамту жағынан да дамыған әуекомпанияға айналды. Адрианға төрт жылдық басшылық кезіндегі жетістіктері үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тілейміз",- деді Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер.