Bugin

Балқаш көлінде де су деңгейі көтерілген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Балқаш көлінің су деңгейі орта есеппен 15 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, 1 сәуірде бұл көрсеткіш 174 см-ге жеткен. 

"24 сәуірдегі жағдай бойынша Балқаш көлінің ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде тіркелген. Мұнда су деңгейі 210 см болды. Ал көлдің ең төменгі деңгейі - 140 см, Қарақұм су бекетінде белгіленді. Балқаш бекетінде су деңгейі 177 см, Мыңарал бекетінде 167 см болды",- делінген хабарламада.