Bugin

“Бұндай нәтиже күтпеді ”: сарапшы Бишімбаев соттың онлайн болғанына өкінетінін айтты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Белгілі эксперт Тахир Халимназаров Дина Төлепбергенге берген сұхбатында Бишімбаевтың өзі күтпеген жағдайлар орын алып жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Ол сот отырысының тікелей эфирде болып жатқанына өз ойын айтты.

"Бұл дұрыс. Халық бір рет болсын қалай болатынын көруі керек еді. Бірақ барлығын күнде-күнде көрсете беруі дұрыс емес. Ол сериал болып кетпеуі керек еді. Құдайға шүкір, біздің қоғамның көзқарасы өзгерді",- дейді маман.

Тахир Халимназаров Бишімбаевтің "сот онлайн өткізілсін" деген талабы өзіне кері әсерін тигізгенін айтты. 

"Ол қазір онлайн өтіп жатқанына өкініп отырған секілді. Ол қателік жасады. Ол ойламады, қоғамның осынша қарсы болатынын ол кісіге. Оның ойынан керісінше болып кетті қазір. Олар бұндай нәтиже күтпеді"-, деді Тахир Халимназаров.