Bugin

7 айдан бері із-түзсіз жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақтөбе ПД

2023 жылдың қыркүйек айында жоғалған ер адам әлі іздестірілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1980 жылы туған Темірбаев Алмат Абайұлы 2023 жылдың қыркүйек айында  үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.

"Белгілері: бойы - 170-175 см, шашы қысқа, беті дөңгелек. 
Киімі: көк спорттық костюм, камуфляжды шалбар. 
Осы адамның орналасқан жері туралы қандай да ақпаратқа ие болсаңыз, Қобда ауданы полиция бөліміне 8(71341)21-692, 87779732707, 87052132828 немесе 102 телефондары бойынша  қоңырау шалуды сұраймыз",- делінген хабарламада. 
 

Еске салайық, бұған дейін малын қарауға кетіп, үйіне оралмаған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.