Bugin

“13 жаста босанды”: кейуана 6 баланың анасын іздейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

"Көреміз" бағдарламасына Жамбылдық Әлия Қалқабайқызы көмек сұрап келген. Ол туған қызының 6 баласын түгендегісі келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлия Қалқабайқызының 35 жастағы қызы 7 рет құрсақ көтерген. Бірақ бірін анасына, бірін балалар үйіне тастап, өзі кетіп қалатын көрінеді. Ал кейуана балалар үйіндегі қызының бүлдіршіндерін өзінің қолына алғысы келетінін айтты. 

"9 сыныбында аяғы ауыр болыпты. Оны мен білмеймін. Ішін тартып тастаған. Толғақ болғанда ғана білдім. Оны өзім бақтым. Үйде жүрген қыз туралы кім жаман ойлайды. Мен ойламаппын",- дейді Әлия Қалқабайқызы.

Кеуананың қызы алғаш рет 13 жасында жүкті болған. Бірақ баласын босанып, перзентханаға тастап кеткен. Екіншісін анасының үйінде босанды. Бірақ бұл жағдай 2 жылдан кейін тағы қайталанған.

"Наурыз айында таңертең ішім ауырды деді. Сөйтсем, жүкті екен. Жедел жәрдем келмей босанып қойды",- дейді кейуана.

Әлия Қалқабайқызы қызын соңғы рет 5 жыл бұрын көрген. Ал көкек ананың тұңғыш баласы анасын көргісі де келмейтінін айтты.

"12 жасымда көргенмін. 1 ай. Сосын тағы кетіп қалды. Одан кейін көрмедім. Ол менің анам емес. Әжеме әр баласын тастай бергенге намыстанып кетемін. Әр келгенге әр баласын алып келеді",- дейді бозбала. 

Әлия Қалқабайқызы қызына ренжулі екенін, бірақ балаларын жақсы көретінін айтты.