Bugin

Желіде ер адамның әйелді ұрып, тепкілеген видеосы тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Ақтауда лифтіде ер адам әйелін ұрып, тепкіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Ведомство мәліметінше, лифтіде әйелді ұрған күдікті ұсталған. 

"Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. 

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылған.