Bugin

Жол апаты: мопед пен көлік соғысты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Көлік пен мопед соғысып, бір адам қаза тапты. Оқиға 26 сәуір күні болған.

Қаланың Құрманғазы-Луговая көшелері қиылысында болған жол апатында 1979 жылы туған жүргізушінің тізгініндегі Toyota Ipsum автокөлігі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан 2008 жылы туған жасөспірім тізгіндеген мопедке соқтығысты.

Мопед жолаушысы 2006 жылы туған жігіт оқиға орнында тіл тартпай кетті.