Bugin

"Гуманитарлық көмек жеткізбек болған": тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ru.wallpape

Тікұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Эквадорда орын алған.

Ресми деректерге сәйкес ұшақ гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Алайда межелеген жерге жетпестен апатқа ұшыраған. Салдарынан бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын мертікті.

Оқиға Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.

«Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті», - делінген хабарламада.