Bugin

"Бастығы кінәлі". Өзіне қол салған полицей қоштасу хатын қалдырған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото otyrar.kz

Өзін өлтірген полиция майоры өліміне бастығын кінәлап, хат жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары мәйіт жанынан өлер алдындағы қоштасу хаты тапқан. Жүзеевтер отбасы хатта жазылғандарды оқып, есеңгіреп қалғанын да айтты. Тәртіп сақшысы өз өліміне бастығын кінәлаған. Алайда туыстары қазадан бері екі ай өтсе де тергеудің мардымсыз жүріп жатқанын айтып, ажалға себеп болғандардың қатаң түрде жазаға тартылуын сұрайды.

"11 күні кешкі 17:00-де полиция бастығы Қуашбаев Ғалымжан маған звондады. «Сіз Ратбектің папасысыз ба?» деп, «Иә» дедім. «Сіз келіп кетіңіз маған, Ратбектің артынан қылмыс қозғалайын деп жатыр» деді. 240 мың ақша мылтыққа қарыз екен деп. 240 мың қарыз болса, мен-ақ бере салайын" дедім. Ол маған баламды әкелуді сұрады", - деді.

Әзіретәлі Жүзеев оқиға болмастан бұрын ұлына хабарласып мән жайды сұраған. Марқұм Ратбек бастығының өзінен "орнын босатуды талап еткенін, келіспеген соң, өзі жоқ кезде қызметін ауыстырып жібергенін" жеткізіпті.

"Әкесіне, нағашысына қару істеп бергенмін. Сол нәрсенің бәрін тегін істеп бергенмін. "Ішкендерің, лишениеге кеткендерге толтырған протоколдарды жоқ қылып, ақшасын маған әкеп бер" деді. Мен "ол тірлікті істей алмаймын" дедім. "Істемесең орныңды босат" деді. Істейтін, ақша алатын адам орныңа табылады. Сонымен мені қызметтен босатты", деп айтты ұлым",- дейді марқұмның әкесі.

Ұлынан айырылған әке Рәтбек Жүзеевке қысым көрсетілгеніне сенімді. Марқұм қалдырған хатта ата-анасы мен балаларын жақсы көретінін айтып, өз өліміне кінәлі адамның аты-жөнін жазып кеткен.

"7 наурыз күні "мама, мен сізді жақсы көрем" деп жазған. Сол кезде қарындастарына да жазыпты, бірақ оны мейрамға жазған шығар деп ойладық. 12 наурыз күні "мама кешіріңізші" деп жазғаннан кейін, неге бұлай жазды деп өзіне звондадым. Алмаған соң, қызына звондадым. Ол "маған да сүйтіп жазды, местоположение" жіберді деді. Онысы несі, "өлсең осы жерден тауып аласыңда"» дегені шығар деп, іздеп, қызым мен күйеу балам тапты ғой",- деді марқұмның анасы Күлжамаш Жүзеева.

Зар жылаған ата-ана кінәлілердің жазаға тартылуын сұрайды. 33 жасында өмірден өткен Ратбек Жүзеевтің артында 2 ұл және қызы қалды.