Bugin

“Қашып кеткен”: Петропавл тас жолында полицейді қағып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Петропавл тас жолында қылмыскер полицияны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желілерде Петропавл облыстық полиция департаментінің жетінші басқармасының бастығын көлік қағып өлтіргені туралы ақпарат тарады. СҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді.

"28 сәуірде Челябинск-Новосибирск Республикалық маңызы бар автожолында 48 жастағы полиция қызметкерін қағып кеткен. Ол алған жарақаттарының әсерінен оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта соқтығысқан автокөлік жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс – шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.

Құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.