Bugin

"Мені тірідей құрт жеп жатыр": Газада жұмыс істеген дәрігер сұмдық оқиғаларды айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Сэм Аттар. BBC

Сэм Аттар жанының бір бөлігін Газада қалдырған. Газадағы өмірі – мәңгі санасынан өшпейтін азапты сәт ретінде есінде қалған. Дәрігердің Газа секторындағы өмірі туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сіз Мичиган көлінің жағасында көктемнің бұлтты күнінде желді, толқынды бақылап тұра аласыз. Сіз қапырық және адамдар өліп жатқан жерден қайта аласыз…

Оның Чикагоға үйіне келгеніне үш апта болса да, сұмдық оқиғаларды кеше ғана басынан өткергендей сезімде.  Көз алдына жарақаттанған кішкентай қыз Дженна, қыздың анасы Сэмге бейбіт өмірде тойлаған туған күнінің видеосын телефонынан көрсетед. Апат алдындағы бақытты күндер, бақытты адамдар.

10 жасар ұлы қайтыс болған тағы бір ана. Ол баласының жүзіне қарап отыра бергісі келеді. Дәрігерлер оның денесін көрпемен жабуға тырысады. Анасы баласын өлді деуге қимай,  рұқсат бермейді. Ауыр қайғыны басынан кешірген ана 20 минут бойы баланың мәйітінің жанынан кете алмай қианалады.

Одан кейін бөлмеде ұмытылған, екі аяғы кесілген жасы 50-дегі ер адам болды.

Сэм оның қайғысы туралы:

"Ол балаларынан, немерелерінен, үйінен айырылды. Қараңғы аурухананың бұрышында жалғыз. Оның жараларынан құрттар шығып, айқайлап: "Құрт мені тірідей жеп жатыр, өтінемін, маған көмектесіңізші",-деп жалына үн қатқанын есіне алды.

Сэм одан кейінгі ауыр күндері туралы:

"Бұл тек мен көрген оқиғалардың біреуі ғана болды. Білмеймін, мен санауды тоқтаттым. Бірақ мен әлі де сол адамдарды ойлаймын", өйткені олар әлі де бар»,-деді.

Сэм 40 жастағы сезімтал, ойлы адам. Чикагода туып-өскен және қаладағы Солтүстік-Батыс ауруханасында хирург болып жұмыс істейді. Газадағы кезінде ол бейне күнделіктерін жүргізіп, басынан кешкендерін түсірген.

Наурыз және сәуір айларында Газа ауруханаларында жұмыс істеді. Газаға кірген күні ол бірден аштық дағдарысымен бетпе-бет келді. Аштықтан қиналған адамдар олардың жүріп бара жатқан көлігіне секіріп, соқтығысып жатқан. Жүргізуші барынша тоқтамауға тырысып, арпалысады. Себебі, Газадағы бүл көрініс – қалыпты жағдайға айналып кеткен.

Ауруханаларда ауыр жарақат алған адамдардан басқаның бәрі тапшы.

Сэм өз тәжірибесін сабырмен айтып берді. Ол күн сайын кімді құтқара алатынын, кімнің өмірмен қоштасатынын білудің қаншалықты қиын екенін айтып жеткізе алмайды. Ол жұмыс істеген аурухананың еденіне дейін науқастарға толы болған. Жарақат алған адамдардың да, туыстаының да жан қиналысы оған қатты ауыр тиген.

Ол күндер туралы естелік енді ұмытылмайды. Қаншалықты дәрігер білікті болып, осыған дейін Украина, Сирия, Ирак сияқты соғыс аймақтарында тәжірибесі бар дәрігерлер де Газа да абдырап қалады.

Сэм ішкі арпалысын:

"Мен әлі күнге дейін емдейтін барлық науқастарды ойлаймын.  Кеткеніме, ңөмек бере алмағаныма ұяламын»,-деді.

Миссияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұйымдастырған. Екі жасқа толмаған балалардың шамамен 30%-ы қатты тамақтанбады, ал Газаның солтүстігіндегі халықтың 70%-ы БҰҰ «апатты ашаршылық» деп атайтын жағдаймен бетпе-бет келеді.

Өткен айда БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басшысы Фолькер Турк Газадағы азық-түлік дағдарысына байланысты Израильді ықтимал соғыс қылмысы деп айыптады.

Доктор Аттар Газада қиын жағдай басталғалы бері 3 рет сапар шеккен. Енді ол қайтадан баруды жоспарлап жүр.