Bugin

"Жұмбақ жағдайда өлтірілген": 3 адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Сәуірдің 27-сі күні сағат 02.55-те Сырдария ауданындағы үйлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Darakshi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйден үш адам өлтіру белгілерімен табылды. Жағдай туралы Өзбекстанның Бас прокуратурасы:

"Прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлерінен жасақталған жедел-тергеу тобы күдіктіні тұтқындады",-деп мәлімдеді.

Бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 97-бабының,  2-бөлігінің "а", "ж" тармақтарымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталып жатыр.