Bugin

"Бір күнде": Солтүстік Қазақстанда әпкесі мен інісінің мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

 Айыртау ауданы, Имантау ауылында інісі мен әпкесі бір күнде суицид жасап, қайтыс болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Криминальный Казахстан-ның ақпаратында:

“Жексенбі күні 22 жастағы әйел жеке үйдің қорасында асылып қайтыс болған. Бұл сұмдық жаңалық оның 17 жастағы  інісіне қатты әсер еткен. Ол орманға жүгіріп кеткен. Содан кейін ол да асылған күйде жансыз табылды. Полиция оқиғаны анықтап жатыр”, - делінген.

Жарияланған мәліметтерге қарағанда, ағасы мен әпкесі ата-әжесінің қолында өскен, әкесі қайтыс болған, шешесі кетіп қалған. Қыз жақында тұрмысқа шығып, босанып, 1,5 жасар баласы бар.

Қазір Айыртау аудандық полициясы “өзін-өзі өлтіруе итермелеу” бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.