Bugin

Алматыда мәйітхана күзетшісі жантүршігерлік қылмысқа байланысты күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Козачков телеграм арнасынан алынды

 Алматыда  "Өлгендердің мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі Kozachkov телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Қалалық мәйітхананың күзетшісі күдікті ретінде ұсталған. Оның әрекеті қалай анылқталғаны туралы Козачков арнасында:

"Менің мәліметім бойынша, күдікті телефонын кепілге қоюға келген ломбард  қызметкері азғынды әшкерелеуге көмектескен. Бағалаушы құрылғының өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін одан галереяны ашуды сұрайды. Онда ересектерге арналған (18+) контент болған.
Полиция ер адам уақытша ұстау изоляторына отырғызған",-деп жазды.

314-баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.