Bugin

"Қар, тұман, жел": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер 30 сәуір-2 мамыр аралығына ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы болады. 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады. Түнгі уақыттарда жаңбырдың қарға ұласуы ықтимал. Найзағай ойнап, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді. Түнде солтүстік, шығыс өңірлере тұман түседі.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, 1-6 градус үсікке дейін, күндіз 5-13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды. Онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, 2 градус үсікке дейін, күндіз 15-25 градус жылуға дейін төмендейді.