Bugin

Су тасқыны: Атыраудағы дәл қазіргі ахуал қандай?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Атыраудағы су деңгейін бақылау. ТЖМ видеосынан скриншот

Жайық өзеніндегі су деңгейінің Атырауға ауысуы жалғасып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" орталығының  гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша су деңгейінің белгісі 443 см-ді құрады.

Ведомство хабарламасында:

"Қалада жеке тұрғын үйлерді су басуына жол бермеу үшін жағалауды нығайту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов тексерді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ведомство басшысының бойынша Атырау облысына Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент қаласынан құтқарушылар тобы, сондай-ақ ТЖМ әскери бөлімдерінің қызметшілері келген болатын",-делінген.

Су тасқыны кезеңінде Атырауда 500 шақырымнан астам қорғаныс құрылыстары салынды. Су басқан учаскелерден 2,5 млн. астам текше метр су сорылды.