Bugin

"37 өнертабыстың тең авторы": елімізге танымал ғалым қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлы. biosafety.kz

Ғалым, "Індеттік аурулардың профилактикасы" зертханасының профессоры Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлының қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.

Ж.Қ. Қыдырбаев биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында 1996 жылдан бастап 30 жылға жуық жұмыс істеген. Оның ішінде 15 жылдан астам Індеттік аурулардың алдын алу зертханасын басқарды, 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 36-сы жоғары рейтингті халықаралық журналдарда жарияланған, 37 өнертабыстың және 24 нормативтік вакцина құжаттарының тең авторы.

Ұжымдастары көңіл айту хабарламасында:

 "2024 жылғы 27 сәуірде 77 жасқа қараған шағында елімізде вирусология, эпизоотология, патологиялық анатомия салаларына және вакцина препараттарын өндіруді ұйымдастыруға, үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпті вирустық ауруларына қарсы зор үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Қыдырбаев Жайлаубай Қыдырбайұлы қайтыс болды",-деп мәлімдеген.