Bugin

“5 адам қаза болды”: Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақмола облыстық ПД

Ақмола облысындағы Екатеринбург-Алматы тас жолында ірі жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 28 сәуірде сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Mercedes-Benz E200 маркалы көлік пен Жақсы ауылынан Астана бағытында келе жатқан "ВАЗ-2107" көлігі соқтығысқан.

Жол-көлік апатының салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапса, 2 адам әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатын алды.