Bugin

“95 пайыз күйік”: пәтерден өлі табылған екі баланың анасының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

25 сәуірде Атырау облысы Индер ауданындағы бес қабатты үйдің пәтері өртеніп, екі баланың денесі табылған еді. 26 сәуірде таңғы сағат 3:30-да балалардың анасы да жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әйел терісінің 90-95 бөлігін күйік шалған.

Оқиға болған күні өрт сөндірушілер жатын бөлмеден 10 және 7 жастағы екі баланың денесін шығарды. Балалардың анасы мен 1994 жылы туған ер адам жансақтау бөліміне жатқызылған еді.