Bugin

“Нөл”: Ринат Заитов үкіметтің баға қадағалау жұмысына пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов елдегі баға көрсеткіші туралы ойын айтты, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жураналист Ринат Заитовқа: "Үкіметтің баға қадағалау жұмысына қанша баға қояр едіңіз?"– деп сұрақ қойды.

Ал Заитов: "Нөл", – деп жауап берді. 

"Үкіметтің баға қадағалауын нөл деп бағалауға болады. Себебі халықтың шығыны мен табысы бір-біріне қатынасты болу керек. Бізде мүлдем ондай аналитика жүрмейді. Есеп жүрмейді. Бәрі өз бетінше бағаны өсіреді. Табыс өз бетінше төмендеп барады. Бұл ретте министрлік қандай да бір жұмыс атқарып жатыр дегенге сенбеймін", – деді депутат. 

Ринат Заитов үкімет сағатында бұл мәселені көтергенін де айтты.