Bugin

Бектенов: Үлкен су көлемі Атырау облысына қарай ағып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

Үкімет басшысы жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Олжас Бектенов Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғау міндетін қойды.

Ендігі басты міндет – Атырау облысын дайындау. Жиында күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп, қауіпті деңгейге дейін шамамен 100 сантиметр қалғаны айтылды.

"Қазір үлкен су көлемі Атырау облысына қарай ағып жатыр, алдағы күндері шарықтау шегі күтілуде. Барлық күштерді жұмылдырып, басқа өңірлерден қосымша күш тартқан Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін пайдаланған жөн. Су деңгейінің сағаттық мониторингін қамтамасыз етіп, қорғаныс бөгеттерінің ұзындығы мен биіктігін ұлғайту қажет. Біз өңірді қорғап, су тасқынына жол бермеуіміз керек", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Атырау облысында апаттық-құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам адам мен 1,2 мыңнан астам техника жұмылдырылған.