Bugin

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. 

"29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды", – делінген хабарламада.

Бас прокуратура қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты басқа деректерді жария етуге болмайтынын хабарлады.