Bugin

“Өмірді жеңілдеттім”: Бағдат Мусин қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: инстаграм @bagdatmussin

Цифрлық даму министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Ол инстаграм парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бағдат Мусин Мемлекет басшысына алғыс айтты.

"3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп. 
Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине - цифрлы мемлекеттік қызметтер",- делінген жазбада. 

Еске салайық, бұған дейін Бағдат Мусин лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.