Bugin

Алматы қаласы мен облысын су басу қаупі бар

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы мен облысында жауын-шашынға байланысты дауылдық ескерту жариялады. Соған байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Bugin.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

"1-3 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Су қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін мамыр айының алғашқы күндеріне ауа райы болжамын ұсынған едік.