Bugin

Қылышпен қаруланған ер адам бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: dzen.ru

Лондонда қылышпен қаруланған ер адам өзгелерге шабуыл жасағаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Самурай қылышымен ер адам бір баланы жаралап, өлтірген. Оқиғаның қалай болғанын куәгерлер баяндап берді.

"Жатын бөлменің терезесінен бәрін көрдім. Ол менен бір-екі үй қашықтағы үйлердің арасындағы өткелге кіріп кетті. Үйден жүгіріп шықтым, сол кезде полиция оны электрошокермен соқты", - деді жергілікті тұрғын Крис Бейтс.

Қаза тапқан 14 жастағы жасөспірімнен басқа тағы алты адам зардап шеккен. 

Басылымның мәліметінше, суық қарумен қаруланған 36 жастағы ер адам қамауға алынды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61