Bugin

Тұрғын жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстауда жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Маңғыстаулық тұрғын Атырау облысындағы төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды. Құқықбұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

"Әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (73 мың теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл салынды" , - делінген сот хабарламасында.