Bugin

Ер адам ойыншық тапаншамен ұрлыққа түскен

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: foreverpolice

Астанада ер адам ойыншық тапаншамен тонауға түскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Ulysmedia.kz-ке сілтеп.

Қалалық Полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталғанын мәлімдеді. Күдікті өзінің қылмыстық жоспарын орындай алмаған. Себебі пунктте кассир дабыл түймесін басып үлгерген.

Ал полиция күдікті ер адамнан ойыншық тапанша тәркіленгенін хабарлады.

Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.