Bugin

Айтбек Амангелді: "келесі қылмысының қандай боларын елестетудің өзі қорқынышты"

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Bugin.kz

"Әйелін аса қатыгездікпен өлтірді" деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Тергеп-тексеру аяқталып, жарыссөз басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жарыссөзде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйледі. 

"Отбасымызбен бір-бірімізді қолдап жүреміз. Болашақ, ата-ана, достарымыз туралы жиі сөйлесетінбіз. Салтанат ана болғысы келді. Ол балаларға арналған отбасылық шаралардан қалмайтын", - дейді Айтбек.

Айтбек Амангелді жарыссөзде келесі жолы не болатынын елестетудің өзі қиын екенін айтты.

"Қазір адамдарды Бишімбаев сияқтылардан сақтау — тек сіздердің қолдарыңызда. Әділ шешім шығаратындарыңызға сенемін. Келесі жолы ол бостандыққа шығатын болса, жасайтын қылмысы бұдан да қауіпті болмақ. Оның жасаған қылмысы әр жолы өсіп жатыр. Келесі жолы не болатынын елестетудің өзі қиын", - деді Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді.

Ол отбасымен ауыр жағдайда жүргенін жеткізді.

"9 қараша күні Салтанат қана өлген жоқ. Ол күні менің ата-анамда және менде бір нәрсе өлгендей болды. Біз күндердің өткенін, жаңа жылдың келгенін қаламадық. Сол күнмен, 9 қарашада қалып қойдық. Сіздердің де бұл жерде, сотта болғыларыңыз келмегенін түсінемін. Біз де бұны қаламадық. Бір адамның кесірінен бәріміз осы жерде, осындай қиын жағдайда тұрмыз", - деді Айтбек Амангелді.

Видеоны толық осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Айта кетейік, жарыссөз жалғасып жатыр.