Bugin

Еліміздегі су тасқынынан кейін қандай өзен-көлдерге су жіберілген?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақтау қаласы. depositphotos.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізіне 1 миллиард текше метрге жуық су құйылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ведомчтвоға сілтеме жасап хабарлайды.

Тасқын суы  Бақсай, Нарын, Черная речка және Соколок арналары арқылы жіберілген. Жалпы, бұл арналар тәулігіне 12 миллион текше метрге дейін су өткізе алады. Олардың әрқайсысында Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесінің мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, Соколок каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберіледі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов:

"Сондай-ақ біз Жайық өзені арқылы суды лимандарға бағыттаймыз. Ал, Ойыл өзенінен су лимандардан бөлек, жерасты суларының орындарын толтыру үшін де жіберіледі. Осыған дейін біз Балқаш көліне су жіберіп, оның деңгейін 15 см-ге көтердік. БҚО Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытаудан Қызылорда облысының көлдеріне су жібердік. Сондай-ақ, Ақмола облысының көлдерін толтырдық. Біздің алдымыздағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі - көлдерді тасқын сумен толтыру", - деді.