Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Фото: Bugin.kz оқырманынан
Жетісу облысында математика пәнінің мұғалімі 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті", - деп айыпталған 39 жастағы азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот отырысында прокурор ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Айыпталушы Ж.-ның әрекеті заң бойынша аса ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Ж.-ның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен толық дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.
Мұғалім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салды. 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кәмелетке толмаған жәбірленуші Г.-ның заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Жетісу облысында оқушысын зорлаған мұғалім іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61