Bugin

Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:Эльжана Таниева. Olympic.kz

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы мен Эльжана Таниева топ жарды. Бұл туралы Bugin.kz тлшісі  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кешегі жарыс күнінде Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен еді.

Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға қол жеткізді. 

Қазақстандық Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Ташкенттегі Азия чемпионатында бүгін тағы бір алтын иеленді. Ол шығыршықпен жаттығудан Азия чемпионы атанды. Эльжана 33,90 ұпай жинаған. Ал күмісті жапониялық Рейна Мацусака, қоланы қазақстандық Айбота Ертайқызы еншіледі. 

Айбота да бүгін алтынына қол жеткізді. Ол таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады.  Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.

Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды. 

Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік беретін жалғыз жолдаманың тағдыры шешілді. Жолдаманы Әлия Жүсіпова баптайтын Қазақстан Ұлттық құрама командасының мүшесі жеңіп алды. Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония спортшылары таласқан жолдама Эльжана Таниеваға бұйырды.