Bugin

Астанада тамақтану орынында газ баллоны атылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видео скрині

Астанада Байқоңыр ауданында донер кафесі өртенді, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер кафеден 8 газ баллонын алып шыққан.

"Донер кафесіндегі өрт оқшауланды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 ш.м. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсыл болды",- делінген ведомство мәліметінде.