Bugin

64 жастағы қазақстандық Ақтаудан Парижге велосипедпен жолға шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысының 64 жастағы тұрғыны Раббым Борашев Олимпиада ойындарына велосипедпен жолға шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Раббым Борашев мемлекеттің аумағын басып өтіп, 5 мың шақырымды бағындыруды жоспарлап отыр. Ол Олимпиадаға бару арманы болғанын айтты. 

Раббым зейнеткерлікке шыққанға дейін құрылыс саласында жұмыс істеген. Соңғы жылдары велоспортқа қызығып, бірнеше жарыстарға қатысып үлгерген.

Спортшының айтуынша, Парижге велосипедпен жету үшін арнайы дайындық қажет.