Bugin

Нөсер жауыннан 13 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Reuters

Гаити республикасында нөсер жауын жауып, 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Гаитиде жұма күнгі жауған жаңбыр селге ұласқан. Солтүстікте орналасқан Кап-Аитьен қаласының маңында сел жүріп, салдарынан бірнеше үй құлап, 13 адам қайтыс болғаны анықталды.

Одан бөлек, елде алдағы күндері қатты нөсер жауады деп күтілуде. Себебі Азаматтық қорғаныс органы тұрғындарға өзен жағасынан алшаққа көшу туралы хабарлама таратқан.