Bugin

Белгілі абайтанушы өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Белгілі өлкетанушы, абайтанушы Балтабек Ерсәлімов өмірден өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Филолог әрі журналистің отбасына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ортақтасып көңіл айтты.

Белгілі өлкетанушы, журналист, Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов 86 жасында өмірден өтті. Ол 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Белгілі этнограф Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын кеңінен насихаттаған. Тіпті 1992 жылы «Абай» журналының қайта басылып шығуына үлес қосып, ағартушы қорының ашылуына ықпал еткендердің бірі.

Балтабек Ерсәлімов Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Еңбек ардагері» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласы мен Абай ауданының «құрметті азаматы» болды.